Объектілер диспетчері

Мақсаты:      Объектілер диспетчерімен танысу.

Дәріс сұрақтары:

1. Объектілер диспетчері

2. Көпбұрыштарды  салу

 

1. CORELDRAW – тағы өте күрделі суреттер бірнеше қарапайым объектілерден құрылады. Сондықтан келешекте суретті редакциялай алу үшін әртүрлі векторлық объектілерді құра білу қажет.

CORELDRAW – та құрылатын қарапайым геометриялық объектілерге тік төртбұрышты және эллипсті, көпбұрышты және спиральды, түзу және қисық сызықтарды жатқызуға болады. Кейбір  күрделі объектілер көптеген қарапайым объектілерден тұрады. Сондықтан оны сала білу қажет. Тәжірибемізді тік төртбұрышты салудан басталық. Бағдарлама терезесінің сол жақ бөлігінде орналасқан Toolbox (Графика) құралдар панелінен «Rectangle Tool» құралын таңдаңыз. Бұл кезде батырманың түрі өзгеріп, батыңқы күйге ауысады, яғни тік төртбұрыш құру режимінде екеніңізді білдіреді. Сіз басқа құрал таңдағанша, ол батырма сол батыңқы күйде болады.  Жұмыс аймағының кез келген жеріне тінтуір нұсқағышын қойыңыз. Бұл кезде нұсқағыш крест түріне ауысады. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басып, оны босатпай жылжытыңыз. Экранда өлшемі тінтуір қозғалысымен бірге өзгеретін тік төртбұрыш пайда болады. Қажетті өлшемді алғаннан кейін, тінтуір батырмасын босатқасын, экранда тік төртбұрыш суретін көресіз.

Құрылған объекті маңында қара тік төртбұрыштар мен ортасында х белгісін, ал төбелерінде контурлық тік төртбұрыштарды  көреміз. Бұлардың барлығы объектіні редакциялауға арналған басқарушы элементтер. Олардың қолданылуын келесі бөлімдерде қарастырамыз. Эллипсте дәл осылай салынады.

 

2. Қабырғаларының саны әр түрлі көпбұрыштарды салу үшін келесі әрекеттерді орындайық:

1.                 Көпбұрыш (Polygon Tool) құралын таңдаңыздар. Нұсқағыш қасында бесбұрышы бар крестке айналады.

2.               Бастапқы нүктені таңдап, оны оңға және төмен апарыңыздар. Үнсіз келісім бойынша көпбұрыштың қабырғаларының саны - 5. Эллипстер мен көпбұрыштарды салуда ұқсастық байқалады. Көпбұрышты салу да бұрыштан немесе центрден жүргізілуі мүмкін (Shift пернесін басып ұстап). Егер салу кезінде Ctrl- ды басып ұстасаңыз, онда дұрыс көпбұрыш салынады. Біз салған бесбұрыш кез келген объект сияқты манипулятормен қоршалған және бұрыштардың әрқайсысында бірден және қабырғалардың әрқайсысының ортасында - 10 тораптары бар. Бесбұрыштың ұшы төбесі (шыңы) (тақ санды қабырғалары бар кез келген көпбұрыш сияқты),  оны жоғарыдан төмен салғанда жоғары бағытталады.

3. Көпбұрыштың қабырғаларының санын өзгертуге болады. Қасиеттер панеліндегі сәйкес енгізу жолы жұлдызша кескінімен белгіленген. Көпбұрыштың қабырғаларының санын енгізу жолына 3 санын енгізіңіздер. Объект үшбұрышқа айналады.

Қабырғалардың саны 3-тен  500-ге дейін өзгере алады. Бұл сипаттаманы көпбұрыштың басқа қасиеттеріндей үнсіз келісім бойынша барлық  жаңа обьектілер үшін беруге болады.

Көпбұрыш  дөңес  ұрыштары сыртқы шығыңқы) (бұрыштарының әрқайсысы 180 – тан кем) немесе жұлдыз пішінді болуы мүмкін. Жұлдыз тәрізді көпбұрыш сәулелерінің (лучей) ұзындығы қасиеттер панелінде берілмейді. Оны тек интерактивті өзгертуге болады. Тораптардың қайсысына болсын басыңыздар және оны жұлдыздың қажетті мөлшеріне байланысты ортаға (центрге) немесе центрден апарыңыздар. Егер көпбұрыштың торабын айналдырсаңыз, ол күрделі, сәулелері  көп рет  қиылысатын  фигураға   айналады. Мысалы үшін 12 қабырғалы көпбұрыш салыңыздар, оның қабырғасындағы торапты обьектінің ішіне, шамамен центрге дейінгі арақашықтықтың үштен біріне апарыңыздар, ал сонан кейін бұл торапты шеңбер бойы апарыңыздар. Тораптың айналу барысында жұлдыз түрін өзгертеді, оның сәулелері әсем түйіспелер құрайды.

 

Әдебиеті:

1 Компьютерная графика. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе. Харьков «Фолио»

   Москва «АСТ», 2001.

2 Эффективная работа с Corel Draw 11. Александр Тайц.  Санкт-Петербург *

   Москва * Харьков * Минск, 2001.  

 

Бақылау сұрақтары:

1 Қарапайым фигураларды атаңыз.

2 Объектілерді салу барысында Ctrl, Shift пернелері не үшін қолданылады?

3 Көпбұрыштың бастапқы параметрлері

4 Көпбұрышты жұлдызға түрлендіру жолы